
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2 және 4-тармақтарына сәйкес, «Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ Қарғалы ауылының ШЖҚ «Аудандық ауруханасы» МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2026 жыл 22 мамыр күні сағат 12.00 де жария талқылау өткізілетінің хабарлайды.
Өткізілетін орны: Қарғалы ауылы, Асет Бейсеуов көшесі 149Г, аурухананың мәжіліс залы.
Барлық сұрақтар бойынша комплаенс-офицер Масанова Айнаш Алексеевнаға +7(707)119-01-01 телефоны арқылы хабарласуға болады.














