Қазақстан Республикасы күніне орай Қарғалы ауруханасында ерекше, ауқымды іс-шара өтті!
Біз құрметті қонақтарды қарсы алып қана қоймай, медицина қызметкерлеріміздің тек адам өмірін арашалауда ғана емес, спортта да мықты екенін дәлелдедік.
Бірлік пен қолдаудың маңыздылығын арттырған бұл мерекені бізбен бірге құрметті қонақтарымыз бөлісті:
🔹 Меруерт Сағындыққызы — VIII шақырылымдағы Алматы облыстық мәслихатының депутаты;
🔹 Ықылас Еркінұлы — Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары;
🔹 Қуаныш Мұратбекұлы — Қарғалы ауылдық округінің әкімі;
🔹 Жангүл Үмітханқызы — Қарғалы ауылының Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының басшысы.
Аурухана қызметкерлері арасындағы спорттық жарыстар күннің басты сәніне айналды! Медбраттар, дәрігерлер, медбикелер мен әкімшілік ұжымы ақ халаттарын спорттық киімге ауыстырып, үш спорт түрінен ымырасыз бәсекеге түсті:
— Волейбол, Арқан тарту, Гир тасын көтеру.
Жарыс алаңы көтеріңкі көңіл-күйге, жанкүйерлердің ұрандары мен шынайы күлкіге толы болды. Мұндай іс-шаралар бізге: біздің күшіміз — бірлікте, денсаулықта және достықта екенін еске салады! Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!













